• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Наурыз, 2020

Әскери қызметшілер арасында «Батыс барысы» анықталды

154 рет
көрсетілді

Ақтаулық офицер «Батыс» өңірлік қолбасшылығының  Qazaq kuresi-нен чемпионы және «Батыс барысы» атағының иегері атанды. Бұл туралы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінен капитан Р.Игисинов хабарлады.

Qazaq kuresi қазақтардың ең көне спорт түрлерінің бірі. Қазіргі уақытта бұл жекпе-жек түрі бойынша әлемнің көптеген елдерінде Федерациялар ашылып, түрлі жарыстар ұйымдастырылуда. Ақтау қаласында өткен «Батыс барысы» жарысына Ақтөбе, Ақтау және Атырау гарнизондарының 50-ге жуық әскери қызметшілері қатысты. Палуандар екі салмақ дәрежесінде - 80 кг-ға дейін және 80 кг жоғары салмақта бақ сынасты.

Барлық белдесулер тең дәрежеде өтті. Палуандар түрлі әдіс-айла техникаларын көрсете білді. Жарыс нәтижесі бойынша Ақтау гарнизонының өкілі, аға лейтенант Нұрболат Саурбаев «Батыс Барысы» атағының иегері атанды.

Командалық есепте бірінші орынды 75488 әскери бөлімі, екінші орынды – 29011 әскери бөлімі, ал үшінші орынды 25744 әскери бөлімі иеленді. Барлық әскери бөлімдер Ақтау қаласында орналасқан.

Жыл сайын әскери бөлімдерде осы спорт түрімен шұғылдануға, оның ішінде әскери бөлімдерге қарасты әскери-патриоттық үйірмелерде айналысатын әскери қызметшілердің балалары үшін жақсы жағдайлар жасалуда. Сондықтан, келешекте жарыстың ауқымдылығы мен сапасы арта түседі деген ойдамын, дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының дене шынықтыру және спорт қызметінің бастығы майор Медет Құлыбеков.

Биылғы жарыстарының жеңімпаздары ағымдағы жылдың 12-14 наурыз аралығында Алматыда АОСК оқу орталығында өтетін Қарулы Күштердің Qazaq kuresi чемпионатына қатысады.

 

Маңғыстау облысы