Өткен жылы басқарма тарапынан «Халыққа қызмет көрсету» орталығымен бірлесіп «Қоршаған ортаға міндетті табыс салығы мен эмиссия үшін бюджетке түсетін төлемдер» бойынша табиғат пайдаланушыларға түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Қала және аудан орталықтарында өткізілген жиналыстардың нәтижесінде халықтың көкейінде жүрген сауалдар бойынша толықтай ақпараттар берілді және қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу бойынша брошюралар таратылды. Нәтижесінде, қоршаған ортаға эмиссияларға мүлдем рұқсат алмаған мекемелер және рұқсаты бола тұра төлемін жүргізілмеген мекемелер басқармаға хабарласып, оларға жеке ақпараттар беріліп, қазіргі таңда рұқсат алу және төленбеген қаражаттар бойынша төлемдерді төлеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр.
2019 жылдан бастап «Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңа үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын салуға, сондай-ақ бұрыннан барын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, барлық құрылыс мекемелеріне кешенді сараптама қортындысы, қоршаған орта эмиссияларына рұқсат қағазымен қоса беріледі.
Бұл өз кезегінде көрсетілетін 2 мемлекеттік қызметтерді біріктіру арқылы, мемлекеттік органның жұмысын тиімді қылуға және табиғат пайдаланушыларға уақыт үнемдеуге, ұсынатын қажетті құжаттар топтамасын азайтуға септігін тигізді.
Маңғыстау облысы