• RUB:
    5.47
  • USD:
    473.29
  • EUR:
    512.81
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2020

Елордалық мектептерге вирустық аурулардың алдын алу шараларын қабылдауға кеңес берілді

214 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының басшылығына вирустық аурулардың алдын алу шараларын қабылдау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар, қала әкімдігі ата-аналарды ресми хабарламаларды қадағалап, әлеуметтік мессенджерлерде жалған ақпарат таратпауға шақырады.

«Қазіргі уақытта Білім басқармасы балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көпшілікке арналған мектепішілік іс-шаралар мен қалалық мәдени шараларға қатысуды шектеуге кеңес береді. Сондай-ақ әлеуметтік желі чат-боттарында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет. Білім беру ұйымдарында санитарлық талаптарды, атап айтқанда бөлмені желдету, ылғалды тазарту, су ішу режимін сақтау керек», - дейді Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде таратылған білім беру мекемелеріндегі барлық мерекелік іс-шаралар болмайды деген ақпарат шындыққа жанаспайды.