• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2020

Түркістанда кесене жанынан «Этноауыл» кешені бой көтерді

524 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күнін тойлауға дайындық өңір орталығы Түркістан қаласында қызу жүруде. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанынан бой көтерген «Этноауыл» 14-наурызда ашылады.

Бірегей жоба Наурыз тойына келген қонақтар мен шетелдік саяхатшылар үшін тарихы терең қазақ мәдениетімен толығырақ танысуға мүмкіндік береді. Көне ғасыр мекенінде саз балшықтан үйлер тұрғызылып, ағаштан құрастырылған қоршаулар мен көпір, өткелдер орнатылған. Мәртебелі меймандар мұнда көне ғасыр кейпіндегі үйлердің асханаларынан дәм татып, шеберлер көшесі мен ертегілер мекені, сарбаздар ауылы және шығыс базарының үлгісін тамашалай алады. Наурыз мерекесі күндері бабалар дәуіріне саяхат жасататын көшпелі ауылда киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылады. Құрылыс барысы тарихи нысанның сақталу талаптары ескеріле отырып жүргізілуде.

Сондай-ақ кесенеге барар жолда орналасқан Қашқари гүл бағы абаттандырылуда. Ал Есімхан алаңында орналасқан ғимарат енді заманауи қонақүйге айналады. Құрылыс жұмыстарының сапасын тексерген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев теміржол вокзалы алдындағы аллеяда болды. Мұнда аяқжол төсеу, жарық көздерін және орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарлануда. Сондай-ақ, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады. Алдағы уақытта теміржол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендірілмек. Күрделі жөндеуден өткен аллеяны да Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Түркістан облысы