Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің өңірлерге іс-сапарынан соң тұрғындар жергілікті жерлердегі партия филиалының қабылдауына көптеп жазыла бастады.
Кеше партияның қоғамдық қабылдауына жазылған қала тұрғындарын Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қалалық филиалда кездесіп, жәке мәселелері бойынша пікірлесті.
Қабылдауда тұрғындар көтерген негізгі мәселелердің біразы әлеуметтік қолдау шараларын тағайындау мен білім саласының жайын жақсарту және тұрғын үй бағдарламаларына қатысты болды.
Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғындарды толғандыратын мәселелер мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, азаматтардың өтініштері қолданыстағы заңнамаға қаралатынын айтты.
Қала әкімі, сонымен қатар, азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік көмек пен тұрғын үй бағдарламаларына қатысудың мән-жайын түсіндірді.
ШЫМКЕНТ