• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Наурыз, 2020

Маңғыстауда тұрмыстық қалдықтарды басқару жұмысы жүргізілуде

918 рет
көрсетілді

Маңғыстауда 2019 жылы 188 285 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналды, оның 63 701 тоннасы немесе 33,8% сұрыпталды және кәдеге жаратылды. Қайта өңделгені 0,03 % ғана. Облыста қалдықтарды бөлек жинаумен айналысатын 11 шағын бизнес  субъектілер бар, деп хабарлайды Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда «ITProfService» ЖШС, ЖК «EcoWeste Aktau», ЖК «Саурбаев», «Каспий Групп» ЖШС, «Түпқараған Сервис» ЖШС, «TamepPlast» ЖШС, «Қала жолдары» ЖШС, ЖК «Есимов», «Caspiy Operating» ЖШС, «Бейнеумехтранссервис» ЖШС. Ал қалдықтарды сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыратын 4 кәсіпорынды айтуға болады, олар Жаңаөзен қаласы қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинаты, «GLOBAL EСOSORT» ЖШС, «АктауТазаҚала» ЖШС және «Маңғыстау Тазалық» ЖШС.

Өңір бойынша шағын және орта бизнес субъектілері есебінен қойылған 902  бөлек жинауға арналған контейнерлер, 9 қалдықтарды қабылдау пункттері бар. Өңірде ғарыштық мониторинг нәтижесінде 194 рұқсатсыз төгілген қоқыс орындары анықталып, оның ішінде 54 қоқыс орындары жойылды. Олар мына елді мекендерде орналасқан. Ақтау қаласы бойынша анықталған рұқсатсыз төгілген қоқыс орындары 87, Түпқараған ауданында 27, ал Мұнайлы аудында 80, барлығы 194. Алынған шаралар нәтижесінде 54 қоқыс орындары тазаланған. Уәкілетті органның араласуымен, 5 ауыл әкімдері және 3 бас маман әкімшілік жауапқа тартылып, қоршаған ортаға залалды өтеуге бюджетке 303 000 теңге түскен.

2020 жылға аудан, қала бюджеттерінен 3180 қонтейнер сатып алуға бюджетке салынды. «Тазалық-С» ЖШС 2019 жылы Жаңаөзен қаласы бойынша өз есебінен 400-ден аса контейнерлерді жаңғыртты.

«Каспий Оперейтинг» ЖШС-нің қаланың 4 шағын аудандарында бөлектеп жинауға арналған заманауи контейнерлері орналасқан.