Ақтау қалалық сотында Я. және К-ға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен, 378-бабының 1- бөлігімен қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі.
Сотта анықталғандай, Ақтау қаласының 2 шағынауданында орналасқан мейрамханалардың бірінің жанында алкогольдік ішімдік ішкен күйлерінде Я. және К-ден Ақтау қалалық ПБ-нің учаскелік полиция инспекторы А., жеке басын анықтау үшін жеке куәліктерін сұраған кезде,сотталушылар полиция қызметкеріне дөрекілік танытып, оны балағаттап, қызметтік формасын жыртып, бірнеше рет ұрып,аяқтарымен теуіп, дене жарақатын салған.
Сот үкімімен Я. және К. ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігімен, 378 -бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.