• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2020

Түркістан: «Agro Tur» жылына 6 млн түп көшет өсіреді

374 рет
көрсетілді

Көктем шыққалы Сарыағашқа сапарлаушылар көбейе түскен. Әсіресе, көкөніс өсіріп, нәпақа тапқысы келетін, ерте көктемгі дақылдардың көшеттерін іздеушілердің қарасы мол. Бұл орайда 1 гектар жылыжайда көшет дайындаумен айналысатын Сарыағаш ауданы Жібекжолы ауылдық округіндегі «Agro Tur» шаруа қожалығы көпшіліктің сұранысын ескере жұмыс істеуде.

Барлық құрал-жабдықтары Түркиядан әкелінген жылыжай жылына 5-6 млн түп көшет өндіруге қауқарлы. Жобаның құны – 280 млн теңге. Қожалық иесі Тұрсын Тасходжаев түрік әріптестерімен келісімшартқа тұрып, осы бір ауқымды жобаны іске асырып отыр. Айта кетерлігі, мұндағы көшет егу, өсіру, күтіп-баптау, суару секілді жұмыстың бәрі компьютерленген. Яғни, соңғы үлгідегі автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Сол себепті қол күшін де аса қажет етпейді. Кәсіпорын бүгінге дейін 2 млн түп көшет түрлерін өсіріп, саудалап үлгеріпті.

«Жылыжай соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Сондықтан біздің мүмкіндіктеріміз де орасан. Бір мезетте бірнеше түп көшетті өсіруге тапсырыс ала аламыз. Қазіргі таңда Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірқатар аудандарының шаруаларынан тапсырыс алып, толық орындап бердік. Алдағы уақытта Қазақстанның барлық облыс қалаларынан да тапсырыстар алуды жоспарлап отырмыз», – дейді қожалық төрағасы. Яғни шаруа қожалығы тапсырысты толық орындау үшін көшет санын 8-9 млн түпке дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

 

Түркістан облысы