Германияның Обервезинталь қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде деп хабарлайды Olympic.kz.
Әлемдік сында қазақстандық жасөспірімдер де бақ сынауда. Қыздар арасындағы бәсекеде Қазақстан командасының мүшесі Валентина Сдержикова 23-ші нәтиже көрсетті.
Дүбірлі додада австралиялық Мария Крамер жеңіске жеткен. Күміс және қола жүлдені Норвегия мен Италия спортшылары еншіледі.