• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2020

Түркістан: Өрт сөндіру қызметі 20 жаңа техникамен толықты

519 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінде 167 арнайы техника бар. Соңғы үш жылда  департаменттің материалдық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджет қаржысына 66 техника алынған.

Күні кеше департамент қызметкерлеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 20 жаңа өрт сөндіру автокөлігінің кілтін табыс етті. Ресейлік зауыттан арнайы тапсырыспен алдырылған техника заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

«Сіздердің еңбектеріңіз адал. Қауіптің бел ортасында жүріп төтенше жағдайлармен тиімді күрес жүргізіп келесіздер. Осы уақытқа дейін көптеген жетістіктерге қол жеткіздіңіздер. Апатпен күресте жоғарғы кәсібилік және жанқиярлық еңбектеріңізге алғыс айтамыз», деді құттықтау сөзінде облыс әкімі.