• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2020

Қарағанды облысында 200 балаға әлеуметтік пакеттер берілді

184 рет
көрсетілді

Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданында  тұрмысы төмен отбасылардың балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік көмек пакеттері берілді.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандары берген дерекке сай, биылдың өзінде 197 отбасының алты жасқа дейінгі 200 баласы қосымша азық-түлік және тұрмыстық химия өнімдерімен қамтамасыз етілген.

Жеті бала тәрбиелеп отырған Динара Бижанова әлеуметтік пакет алғанына қуанышты екенін жеткізді.

– Онда балаларға қажетті барлық нәрсе бар екен. Жарма, ботқа, үлпек, пюре, сүт және тағы басқа да заттарға толы. Бұл көп балалы отбасыларға үлкен көмек деп есептеймін, – деді ол.

Кепілді әлеуметтік пакеттер атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларға ғана берілетінін айта кеткен жөн.

Еске салар болсақ, Қарағанды облысында еліміз бойынша алғашқылардың бірі болып тұрмысы төмен отбасыларының балалары үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер беріле бастады.

 

 

Қарағанды облысы