• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Наурыз, 2020

Ақтауда бірнеше мекемеде жемқорлыққа қарсы семинар өтті

158 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысының Антикор орталығында Қазақстан Республикасының Порттар әкімшілігі, Маңғыстау облысының Көліктік бақылау инспекциясы, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті басшылары мен жеке құрамының қатысуымен семинар өтті.  Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облыс бойынша департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаментінің мамандары Н.Мұқатай, Е.Сисеналиев және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің бас маманы Қ.Нышанбаев баяндама жасады.

Шара барысында Е.Сисеналиев мемлекеттік және квазимемлекеттік  органдардың қызметіне ішкі және сыртқы талдау жүргізу туралы толық мағлұмат беріп, департаментпен жасалған сыртқы талдау нәтижелеріне шолу жасады.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, «1424» фильмін тамашалаумен аяқталды.