• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Экология 06 Наурыз, 2020

Қазығұрттық шаруа гүл өсіріп, табыс табуда

460 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Тұрбат елді мекенінде «Үміт» шаруа қожалығы он бес жылдан бері гүл өсірумен айналысады.

Қожалық иелігіндегі жер көлемі - 4,5 гектар, оның ішінде 40 соттық жылыжайға – раушан гүлі, 10 соттыққа – қалампыр гүлі өсіріледі. Бес адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Ал қазіргідей маусым кезінде 15 ауыл азаматы жұмысқа тартылады, орташа айлық жалақылары - 60 мың теңге. Өткен жылы 10 мың дана қалампыр, 40 мың дана раушан гүлі жиналған. Қожалық төрағасы Рустем Ибрагимов биылғы маусымда да өнім аз болмайтынын айтады. Айта кетелік, Тұрбат ауылында көлемі - 55,3 гектар жылыжай бар. Ал аудан көлемінде өткен жылы 156,01 гактар жылыжайлардан 39,8 мың тонна - көкөніс, 100 тонна - лимон, 840 мың дана - гүл өнімдері жиналған.

 

 

Түркістан облысы