Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша қолайсыз шет мемлекеттердің тізімі категориялар бойынша анықталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Өңірлік Қоғамдық коммуникация орталығында болған брифингте айтылды.
Сол тізімге байланысты 1 А санатындағы Қытай Халық Республикасы, Иран және Оңтүстік Корея елдеріне соңғы барған сәтінен бастап 14 күннен кем уакыт өткен болса, жергілікті атқарушы органдар айқындаған провизорлық госпитальдарда оқшауланады. 1 Б санаты бойынша Гонгонг, Макао, Тайвань, Жапония, Италия елдерінен келген азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасына откен күннен бастап 14 бойы үйінде оқшауланады. Үйінде медицина қызметкерлерінің күнделікті қоңырау шалу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі. Үйде оқшаулауға жағдайлар болмаған кезде емдеуге жатқызу ұсынылады.
2 санаты бойынша Франция, Германия, Тайланд, Әзірбайжан елдерінен келген азаматтарды Қазақстан Республикасының шекарасын откен күннен бастап 14 бойы тұрғылықты жері бойынша оқшауланады. 14 күн бойы қоңырау шалу арқылы медициналық бақылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы бойынша бүгінгі күнге дейін короновирус инфекциясы тіркелген жоқ.
Бұдан бұрын Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ерғали Сыдыманов енді вахталық ауысымға келетін қытайлықтар коронавирустың әлемде белең алуына байланысты уақытша елге кіргізілмейтіндігін айтқан болатын. Департамент бастығының айтуынша, өңірде қытайлықтармен жұмыс жасайтын 39 компания бар. Жыл басында 417 қытайлық азамат облыста вахталық әдіспен жұмыс жасаған. Олардың Қытайға қайтуына және жұмыстан шығуына байланысты бүгінде облыста 200 қытайлық азамат бар.
Маңғыстау облысы