• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Наурыз, 2020

Түркістан облысында 600-ден астам шаруа қожалығы бірнеше өнім алу тәсіліне ден қойған

362 рет
көрсетілді

Түркістан облысы климатының жайлылығы мен топырағының құнарлығын эерттеп-зерделеген Израиль елінің ғалымдары жылына бірнеше рет өнім жинау әдісіне аса қызығушылық танытуда. Израиль мемлекетінің  жалпы аумағы Түркістан облысының 6/1 бөлігін құрайды екен. Соған қарамастан, жылына 1 млрд АҚШ долларының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіреді.

Бірнеше рет өнім алу тәсілі арқылы 1 гектар жерден жылына 6-7 млн теңгеге дейін табыс табуға болады. Түркістан облысында өткен жылы қолға алынған бұл әдісті әрі қарай дамыту мақсатында әр ауылдық округте кемінде 10 жобадан іске асыру көзделіп отыр. Қазірдің өзінде өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы бірінші өнім егініне кіріскен. Бұл туралы Келес ауданында өткен «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу – көкөніс шаруашылығын дамытудың негізі» атты семинар-кеңесте айтылды. Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Израиль – Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаил Роэге, ғалымдар, аудан, қала, ауыл округтері әкімдері, агроқұрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына саладағы еңбек өнімділігі мен қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 5 жылда 2,5 есеге арттыру міндетін қойды.  Осы орайда, Түркістан облысының табиғи-климаттық жағдайын, мүмкіндігін ескере отырып, 2019 жылы «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасын қолға алған болатынбыз. Нәтижесінде, 3 млрд теңгеге 107 жоба іске асып, 39 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді. Қосымша 364 жұмыс орны ашылды», – деді жиын барысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Өңірде жаңбырлатып, тамшылатып суғару технологиясын ендіру шығынына төленетін субсия көлемін 400 мың теңгеге дейін ұлғайту көзделіп отыр. Барлық тыңайтқыштар, гербицидтер түрлерінің 50 пайызын субсидиялау басталған. Бұған биыл алғаш рет пестицидтер, инсектицидтер де қосылды. Семинар-кеңес барысында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тыңайтқыштар, гербицидтер және ауыл шаруашылығы техникаларын жеткізушілер өнімдері таныстырылды.

 

Түркістан облысы