• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Экономика 09 Наурыз, 2020

Интервенция экономикалық өсімге қалай әсер етті?

687 рет
көрсетілді

Өткен аптада Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін 95 млн теңге интервенция жасағанын айтты. Таң атқалы бері АҚШ доллары мен теңге дәлізі   386 -389 көрсеткіштің ортасында тербеліп тұр.

Қаржы секторында 2017 жыл Ұлттық банктің төрт рет интервенция жасауымен есте қалды. Бірақ, сарапшылар бас банктің статистикасына қаржы секторындағы әрбір фактордың тіркеле бермейтінін, тек жағымды өзгерістер ғана есепке алынатынын ескертеді.

Мысалы, 2014 жылы – 22 млрд, 2015 жылы 10 млрд АҚШ доллары интервенцияланған. Ал 2016 жылғы көрсеткіш бұдан төмен. 2015-2016 жылдардағы бас банк тарапынан қабылданған ұстамдылық саясатының салмағы 2017 жылға түскенін айтады. Себебі елімізде ІЖӨ-ге өсім беретін индиктикатор әлсіз. 2018   жылғы интервенция қыркүйек айында өткені белгілі. Жыл басында теңгенің жағдайы тұрақты болды.

2019 жылы тамыз  тамыз айында доллар бағамы 380 теңгеге жеткен кезде де Ұлттық банк тек сырттай бақылап отырды. Интервенция жасалды деген ресми ақпарат шыққан жоқ өткен жылы.

Қазір БАҚ-та «қаржы нарығы жасанды жолмен реттелмесе, теңгенің халі қандай болар еді» деген пікірлер жиі айтылды. Алыпсатарлар тарапынан шабуыл өршіп бара жатқан соң Ұлттық банк интервенция жасауға шешім қабылдайды. Сол себепті сарапшылар Ұлттық банк алдағы уақытта мұндай әреттерін ашық түрде жүргізуге тиіс екенін айтады.  «Ұлттық банк доллар бойынша саудаға араласпайтынын айтты. Ал қазіргі әрекеті биржадағы басты ойыншының тірлігіне ұқсайды. Мүмкін, Ұлттық банктің орындағысы келетін бір жоспары бар шығар. Біз қазір бағамды жағымды сипатта ұстау үшін өте үлкен мөлшердегі доллардың жұмсалып жатқанын көріп отырмыз», –дейді қаржыгерлер.

Кешелі бері  Ресей мен Қазақстанның ғана емес, Арменияның, Әзербайжанның, Аргентинаның, Сирияның ұлттық валюталары 25 пайызға дейін құнсызданып кетті. Тіпті тербелмейтін қырғыз сомы да 10 пайызға арзандап жатқанын көріп отырмыз

Қаржыгер Мұрат Темірханов интервенция Ұлттық банкке тек шығын әкелетінін айтады. Дамыған елдерде интервенцияны бағамды реттеп отыру үшін қолданады. Ал біздің жағдайда Ұлттық банк үшін ол тек шығын. Долларды арзанға сатып, кейін валюталы қорды толтыру үшін қымбатқа сатып алуға мәжбүр болады. Ұлттық банк коммерциялық емес ұйым болмағандықтан, монетарлы саясатты орындау үшін шығынға ұшырауы әбден мүмкін.

Қаржы нарығындағы трейдерлер барлық елдерде бар. Ұлттық банк оларды бақылауға алмаса, солардың жетегінде кетуі әбден мүмкін.

Ұлттық банктің 1996 жылдан бері интервенцияға жұмсаған қаржысының 50 млрд АҚШ долларынан асып кеткені енді белгілі болды. Қаржыгер Мақсат Халық Ұлттық банк 22 жылда 55 млрд 627 млн АҚШ долларын жұмсаған. Бұл Ұлттық қор мен алтын валюталық қордан алған қаржы.

«Интервенцияның қайтарымы да байқалады. 22 жылда 24 млрд 259,6 млн АҚШ доллары қайтты. 31 млрд 367 млн АҚШ доллары қайтпай қалды. Ұлттық банк 22 жылға есептеген кезде бұл үлкен қаржы емес дейді. Тек екі жылда ғана 35 млрд АҚШ доллары жұмсалды. Еркін айналым бізді Ұлттық қордағы ақшаны желге ұшырып жіберуден сақтап қалғанын мойындауға тиіспіз», дейді Мақсат Халық.

«Ұлттық банктің интервенцияға жұмсалған қаржысы ел экономикасының дамуына мультипликативті әсері қандай болды» деген мәселе БАҚ үшін тың тақырып.

Бұл сауал Ұлттық банк пен тәуелсіз сарапшылар тарапынан талдауды қажетсініп тұр.Ел ішінде  бұл мәселені үкіметтің экономикалық блогы жабық есік жағдайында талдайтын да шығар. Бірақ «қортындысы осылай болды» деп ешбір құзырлы орын жариялаған емес.

«Ұлттық банктің интервенцияға жұмсалған қаржыны ашық көрсетуінің өзі де жақсы. Бірақ интервенцияға жұмсалған қаржыны ел экономикасына жұмсаған тиімді болар еді. Интервенция мәжбүрлі қадам. Бұл біздің экономикалық саясатымыздың кемшілігінің бағасы» дейді Мақсат Халық.