Жол-көлік оқиғасы кеше, яғни 9 наурыз күні Мұнайлы ауданына «қарасты Батыр ауылының маңындағы теміржол өткелінде болған. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі жақындап келе жатқан жүк пойызын байқамаған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде жүк пойызы автокөлікті соғып, автокөлік жол жиегіне шығып қалған. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткелде барлық қажетті жол белгілері бар.
- Қазіргі таңда жүргізушіге қатысты «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 610 бабы бойынша хаттама толтырылды, делінген Полиция департаменті баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.