• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2020

Шымкент қаласының әкімі Германияның бас консулымен кездесті

275 рет
көрсетілді

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Германия Федеративті Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Маркерт Кристианамен кездесті.

Кездесуде екі жақтың қарым-қатынасы мен сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастығы сөз болды.   Сондай-ақ Шымкент пен Германия арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыланды.   Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары екенін айтқан қала әкімі Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар, әкім   Шымкенттің экономикалық дамуы мен инвестициялық әлеуеті туралы мәлімдеді. Өз кезегінде Бас консул неміс компаниялары мегаполисті дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екенін жеткізді. Әрі екі ел арасындағы ынтымақтастық пен сенімді әріптестік жалғасын табатынын айтты.   Шымкент