• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Наурыз, 2020

Түркістан: Кәсіпкерлер көпбалалы анаға 3 бөлмелі пәтер сыйлады

180 рет
көрсетілді

Шардара ауданында баспана тауқыметін тартып келе жатқан 7 баланың анасы Қарлығаш Манаповаға ел азаматтары тамаша сыйлық жасады. Ел ағалары мен жомарт кәсіпкерлер бірігіп, облыста жүзеге асырылып жатқан «Қамқорлық» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасыға 3 бөлмелі пәтердің кілтін тапсырды.

Қайырымды іс-шараға Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев қатысып, баспаналы болған отбасын құттықтады. Алдағы уақытта да қоғамды ізгілікке, мейірімге жетелейтін бастамалар жалғаса береріне сенім білдірді.

Еске сала кетейік, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында тұрған, Nur Otan партиясы облыстық филиалының үйлестіруімен «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 1643 отбасы арнайы тізімге алынған. Партия филиалы, осы салаға жауапты басқарма, аудан, қала әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда.

Қазірдің өзінде облыс аумағында 10-ға жуық отбасы баспаналы болды. Еліміздің жомарт жүректі кәсіпкерлері игі бастамаға айрықша үлес қосуда. Бағдарлама аясында тұрғындарға азық-түлік, қаржылай және өзге де көмектер көрсетілуде.