• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Наурыз, 2020

«Гарант» тұрғын үй кешені жазда пайдалануға беріледі

275 рет
көрсетілді

Бүгін елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев Ы.Дүкенұлы мен Ш.Уәлиханов көшелері қиылысында орналасқан «Гарант» тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазіргі таңда осы нысанда инженерлік-коммуникациялық желілер тартылып, әрлеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта кешен аумағында абаттандыру жұмыстары басталмақ.

− Бұл үйді осы жылы жазда тапсыруды жоспарлап отырмыз. Мұнда 170-ке жуық алданған үлескерлер бар. Президентіміздің тапсырмасына сәйкес алдағы 5 жылда біз елордалық үлескерлердің мәселесін толық шешу жоспарда бар. Қазір біз осы бағытта Үкіметпен бірге жұмыс істеп жатырмыз,-деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.

Айта кету керек, аталмыш тұрғын үй кешеннің құрылысы 2011 жылы басталған еді. 2015 жылдан бастап проблемалық үйлердің санатында тұр.