• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Наурыз, 2020

Музейлерді біріктіретін жаңа орталық

378 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдас­тыруымен Ұлттық музейде «Қазақстан музейлерін дамыту бойынша үйлестіру-әдістемелік орталығының» таныстырылымы өтті.

Аталған орталық минис­трліктің бастамасымен «Бола­шақ­қа бағдар: рухани жаңғыру» бағдар­ламасының аясында Ұлт­тық музейдің жанынан құрылды.

Мәдениет және спорт минис­трлігі Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Кү­міс Сейітованың айтуынша, би­ыл министрліктің бас­тамасымен төрт орталық ашыл­ған. Алғашқы орталық шет елдер мен өз елімізде концерттік жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылып, жұмысын бас­тап кеткен. Екінші орталық театр саласы бойынша жұмыстар атқаруда. Үшінші орталық «Туған жерге тағзым» деген атпен ашылып, кітапханалар қо­рын­­дағы кітаптармен жұмыс істеуді қолға алмақ. Ал төртін­ші­сі жоғарыда аталған «Қазақ­стан музейлерін дамыту бо­йынша үй­лестіру-әдістемелік ор­та­лы­ғы».

Іс-шарада Ұлттық музей ди­рек­торының орынбасары Ай­бар Қасенәлі: «Қазіргі таңда Қазақстан музейлерінде әдісте­мелік әрі үйлестірушілік функциясы бар ешқандай орталық жоқ. Мәдениет және спорт ми­нис­трлігі өзінің құзырет шең­берінде ғана қызмет атқарып келеді. Жалпы музейлерге әдіс­темелік тұрғыдан, дамыту бойынша нұсқаулық ретінде бағыт көрсетіп отыратын ұйым керегі анық. Осы мәселелерге байланысты аталған орталық құрылып отыр», деді.

Іс-шара барысында ор­­­та­лық­тың міндеті болып та­­былатын мем­ле­кеттік му­зейлердегі қазіргі заман тала­­бына сәйкес халықтың түр­лі санатына бағытталған мә­де­ни туризм, өлкетану және экс­кур­сиялық жұмыстарды дамыту, мемлекеттік музейлерді келу­шілерді тарту жөніндегі әдіс­те­мелік құралдармен қамта­масыз ету, музейлердегі көрсе­тілетін қызметтердің сапасын же­тілдіру, музей қызмет­кер­ле­рінің біліктілігін арттыру бағ­дар­­ламаларын әзірлеу және бі­ліктілікті арттыру шараларын ұй­ымдастыру мәселелері тал­қыланды.

Жалпы, еліміздегі музей­лер­дің бір бөлігінің мәр­те­бесі рес­публикалық болса, қал­ған­да­ры­ныкі облыстық екені бел­гілі. Рес­публикалық музей­лер Мәдениет және спорт минис­тр­лігіне, ал облыстық музейлер об­лыстық әкім­дікке бағынышты. Бұл тұрғыдан алғанда елдегі музейлер туралы бүкіл ақпаратты бір орталыққа шо­ғырландыру маңызды болса керек. Жаңа­дан ашылған орталықтың міндет­терінің бірі де осы болмақ. Яғни елдегі бүкіл музейлердің жұ­мы­­сына мониторинг жасау, кемшін тұстарын анықтаған соң оны дамыту бойынша ұсыныстар жасау­ды да орталық қолға алмақ.