• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 12 Наурыз, 2020

Сапалы әрі қолжетімді

332 рет
көрсетілді

Бүгінде Шымкенттегі ірі кәсіпорындар шетелдік инвестицияның көмегімен өндіріс ошақтарын жаңғырту процесінен өтіп жатыр. Соның бірі – «Шымкентцемент» АҚ зауыты.

Отандық өнімге қолдау мақ­са­тында өңірдегі құрылыс компаниялары қала атауын иемденген цементті пайдалануда. «Бағасы қолжетімді, сапасы жақсы», дейді тұтынушылар.

Жаңғырту процесінен өткен бір ғана осы мекеме емес, Шымкент мұ­най өңдеу зауыты да осы жолда К4 және К5 экологиялық кластағы жоғары октанды бензинд шы­ғаруды бастады.

Алдағы уақытта шаһардағы та­ғы бірнеше кәсіпорын түлеу мен түр­ленудің жаңа кезеңін бастап кетпек.

Ал біз бағасы халыққа қолже­тім­ді «Шымкентцемент» АҚ зауы­тының жұмысына қайта оралайық.

Аталған кәсіпорын – бүгінде ішкі нарықты отандық цемент өнімімен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір өндіріс орны. Зауытта цемент бұрындары ескі әдіспен шы­ғарылғандықтан, эко­ло­гияға зияны көп болып, өндіріс аймағына жа­қын орналасқан тұрғындардың наразылығы күшейе түскен. Осыны ескерген зауыт әкімшілігі шетелдік озық өңдеу технологиясын енгізіп, құрғақ әдіспен цемент ала бастаған. «Ә» дегеннен жаңа жоба кәдеге жарап, қоршаған ор­таға тасталатын зиянды зат­тар­дың да көлемі азайған. Есесіне, цементтің сапасы жоғарылап, қаладағы ірі құрылыс заттары дүкендері бұл тауарды саты­лымға шығара бастаған.

Зауыт басшысы Шишка Зби­гневтің кәсіпорынның өндірістегі жаңа технологиясы туралы өзіндік айтары бар.

«Күйдіру пешінің ылғал əдіс технологиясы, негізінен, оның энергияны көп қажет ететін жəне сүзгілердің белсенді ортада жұ­мыс істеуіне тура келетінінен шығарындыларды тазартуда жоғары көрсеткіштерге қол жет­кізуге мүмкіндік беретін озық үлгідегі технология (ОҮТ) ретінде қарастырылмайды. Сөйтіп, ОҮТ бағытындағы ілгерілеу цементті ылғалды əдіспен өндіруден құрғақ əдіспен өндіруге өтуінен бас­талады, бұл өз кезегінде экологиялық өнімділікті қамтамасыз етеді. «Шымкентцемент» зауыты цемент өн­дірудің қолданыстағы ылғал əдісі пешінің жанынан бір күнде 3200 тонна өнім беретін жылу алмастырғыш күйдіру пешін салу арқылы жаңа, заманауи жобаның бастамашысы болды», дейді Шишка Збигнев.