М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде ақпараттық–ағартушылық штабының мүшесі, «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңесінің басшысы, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Е.Төлебаев студент жастармен кездесті.
Іс-шараның мақсаты - студенттердің бойында адалдық, парасаттылықты, өз іс-әрекетін және мінез-құлқын ұғынуға ұмтылысын дамыту, тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Кездесуге М.Әуезов атындағы ОҚМУ басшылығы мен «Саналы ұрпақ», «Ізгілік елшісі» жобаларының мүшелері мен Парасат мектебінің қызметкерлері қатысты.
Спикер Ерасыл Төлебаев бүгінгі жастар заман талабына сай қасиеттерге ие болуы керектігін, бәсекеге қабілетті болу, технологияларды қолдану екендігін атап өтті. Болашақ маман ретінде жастарды адал оқып, елдің патриоты болуға, өз елімізде мықты маман ретінде жұмыс жасап, елдің дамуына үлес қосуға әрқайсымыз міндеттіміз деп атап өтті.
Ол Ақпараттық-ағартушылық штабтың және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысымен таныстырып, жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сондай-ақ шара барысында Университет жастары «Парасаттылық» эстафетасынбастап, Түркістан облысының жастарына жолдады.
Әсерлі әңгіме, жайдарлы жүздесу, еркін форматтағы сұхбат алаңымен жалғасын тапты.
Шымкент