• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Наурыз, 2020

Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен азаматтарды тегін оқытып, шәкіртақы тағайындайды

171 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты шеңберінде биыл 2000-нан астам азаматты оқуға жолдауды жоспарлап отыр.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту топтардың жинақталуына қарай жүзеге асырылады.   Қатысушылар қалалық жұмыспен қамту орталығына келіп, тиісті Заңнамаға сәйкес төмендегі құжаттарды тапсыруы қажет:   1. Жеке басын куәландыратын құжаттың; 2. Еңбек кітапшасының (болған жағдайда); 3. Білім туралы құжаттың (аттестат, куәлік, диплом, сертификат) көшірмелері; 4. №907 бұйрықпен бекітілген денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының №086-У нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмелері (қатысушылардың құрамына қосу туралы шешім қабылданғаннан кейін қосымша ұсынылады (көшірме).   Оқу мерзімі 3 ай (1 ай теория, 2 ай тәжірибе), оқуға жолданған азаматтарға ай сайын 16 759 теңге шәкіртақы қарастырылған.   2020 жылы сәуір айында мыңға тарта азаматты оқуға жолдау жоспарлануда.