• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Наурыз, 2020

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы азаматтарды жеке қабылдады

399 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Бақтыбаев Жанарбек Төлеубекұлы Ақтау қаласында орналасқан «Nur Otan» облыстық филиалында қоғамдық қабылдауға жүгінген азаматтарды жеке қабылдады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Азаматтар өздеріне қатысты көптеген мәселелерінің шешімін табу үшін полиция жағынан қолдау сұрады.

Мәселен, 70 жастағы қала тұрғыны көп таныстығы жоқ азаматқа алданып қалғанын айтып, көмек сұрауда. Атайдың сеніміне кіріп, алдап, ақшасын иеленген. Арызданушының айтуынша, ол қазір қиындықтарға тап болып, құқықтық көмекке мұқтаж. Жанарбек Төлеубекұлы бұл бойынша арызды Ақтау қаласы Полиция басқармасының өндірісіне қабылдауға нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, заң жүзінде бекітілген нормаларға сәйкес шешім қабылдайтынын айтып өтті.

Шара барысында Ж.Бақтыбаев тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Сұрақтар көбінесе әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға байланысты болды.

Екі азамат бұрын ІІО қатарында қызмет жасаған, қайта жұмысқа тұруға өтініш білдірді. Олардың өтініштерін Кадр саясаты басқармасына қарауға тапсырма берді.

Кейбір мәселелер сол уақытта шешілсе, кейбірі бойынша құзырлы басқармаларға тапсырылды.

Департамент бастығы Жанарбек Бактыбаевтың айтуынша, осындай диалог, қарым-қатынас аймақтың әр жерінде алыс тұратын халықтың көптеген мәселелері өз шешімін табады.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы «Nur Otan» облыстық филиалында тоқсан сайын қоғамдық қабылдау жүргізеді, әр сейсенбі күні сайын Полиция департаментінде өткізіледі.

 

 

Маңғыстау облысы