Сенбілік - бұл ұжымдық рухты, бірегейлікті, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сенбі, яғни 14 наурыз күні Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының ұжымы жаппай сенбілікке шықты. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.
Ауа райының шаңды қолайсыздығына қарамастан тәртіп сақшылары басқарманың ішкі санитарлық жағдайын арттырумен қатар, мекемеге қарасты сыртқы аулаларды түгелдей тазартып шықты. Қыздар жуып-шаю, әктеу, тазалау секілді жұмыстармен айналысса, ерлер сыпыру, ағаштың түбін қопсыту, гүл отырғызатын орындарды әзірлеу сынды бірлескен жұмыстарды бір кісідей атқарды. Сонымен қатар, «Рауан» шағын ауданындағы көпқабатты қызметтік екі үйдің алды тазартылып, абаттандырылды.
- Сенбілік - тазалық кепілі. Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу Жаңаөзен қалалық полицейлердің назарынан тыс қалған емес. Жыл сайын ұжым болып сенбілікке атсалысып келеміз,- деді Жаңаөзен қаласы Полиция басқармасының бастығы Қасанов Айдар Демегенұлы.
Маңғыстау облысы