• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай: Вахталық жұмыс кестесі қалай реттелетіні анықталды

3521 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы Еңбек инспекциясының басшысы Әлігер Іңкәров мәлімдеді.

Жұмысшының еңбек шартына енгізілген өзгерістерге сәйкес толық емес жұмыс уақытын 3 әдіспен жүзеге асыруға болады. Жұмыс күні, яғни күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасын азайту, жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын қысқарту, сондай-ақ, аталған жағдайларды өзара бірге қолдану.

Мұндай жағдайда жалақы жұмыскерге нақты жұмыс істеген уақыты үшін төленеді.

Тараптардың келісімі бойынша және өндірістік процестер мүмкіндік берген жағдайда, жұмыс беруші қашықтан орындалатын жұмыс белгілеуі мүмкін. Яғни, жұмыс беруші орналасқан жерден тыс, жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жұмыс атқара алады. Сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскердің нақты жұмыс істеген уақытына ақы төленеді.

Қазақстанның Бас мемлекеттік дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық карантинге алынған қызметкерге еңбекке уақытша жарамсыздық парағы беріледі. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеу заңнамаға сәйкес айына 15 МРП-дан аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады. Еңбек заңнамасына сәйкес осындай төтенше жағдайларда жұмысшылардың еңбек қызметін жүзеге асырудың әртүрлі тетіктері қарастырылған. Соның ішінде толық емес жұмыс уақыты режимін белгілеу,  қашықтан жұмыс істеу, басқа жұмысқа уақытша ауыстыру және тағы басқа.

- Тағы бір мәселе. Вахталық әдісте жұмыс жасайтындар бар.  Бұл жағдайда жұмыс беруші 28 күнге дейін вахталық әдістің  жұмыс кестесін өзі жасақтай алады. Бүгінгі күні «Қаражанбас», «Қаламқас», «Маңғыстаумұнайгаз» секілді ірі мұнай мекемелерінің кестесі 10 күнді құрап отыр. Жұмыс беруші қазіргі жағдайға байланысты вахта кестесін өзгерте алады. Дегенмен, заң аясында болу керек. Жұмыскерлердің еңбекақысы тек жұмыс істеген күндерге ғана төленеді. 10-15 күн болсын айырмашылық жоқ, - деді Маңғыстау облысы Еңбек инспекциясының басшысы Әлігер Іңкәров.

 

 

Маңғыстау облысы