• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Наурыз, 2020

Ақтау: Қоғамдық көліктер екі сағат сайын тазаланып жатыр

128 рет
көрсетілді

Ақтау қаласында алты бағыт бойынша 70-ке жуық қоғамдық көліктерге дезинфекция жұмыстары күнделікті әр екі сағат сайын жүргізілуде. Тазалық жұмыстарын көлік жүргізушілері мен жолсеріктер хлор препараттарын қолданып істейді. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Әр маршрут бағыты бойынша тиісті мекемелермен келісімге отырдық. Қоғамдық көліктерге бекітілген талаптарға сай жауапты мекемелер автобус кешкі рейстен шыққан соң таңғы 6:40-қа дейін автобазаның ішінде тазалау жұмыстарын жүргізеді. Ал, 6:40-тан кейін әрбір 2 сағат сайын соңғы аялдамаға келгенде жүргізушілер мен жолсеріктер көлікті тазалайды. 10 литр суға 1 таблеткадан салып, жуып отырамыз. Аталған шара 15-сәуірге дейін жалғасады, - дейді қалалық №2 маршруттың диспетчері Венера Қасымбекова.

 

Маңғыстау облысы