Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында Президент ретінде атқарған бірінші жылы жайында жазды.
- Бір жыл бұрын аса көрнекті мемлекет қайраткері, жаһандық деңгейдегі саясаткер Н.Назарбаевтан ел тізгінін қолға алу мәртебесі бұйырды. Мемлекетіміздің негізін қалаушы - Елбасы стратегиясы сабақтастығын жүзеге асыру үшін көп жұмыс атқарылды. Елімізді жаңғырту реформалары жалғасын табады, - деп жазды Президент.