• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2013

Қазақстанның көшбасшы рөлі атап өтілді

527 рет
көрсетілді

Кеше Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға жұмыс сапарымен келген Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Юкия Аманомен кездесу өткізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Келіссөздер аясында Ю.Амано Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынасты жоғары бағалап, біздің еліміздің ядролық қаруды таратпау үрдісіндегі жауапты қатысушы және көшбасшы негізіндегі ерекше рөлін атап өтті.

Ал Е.Ыдырысов МАГАТЭ-нің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда қолдану мен ядролық қауіпсіздік тәртібін нығайтудағы жетекші рөлін атай отырып, Қазақстанға атом өнеркәсібі мен бейбіт ядролық технологияларды дамыту бойынша Қазақстанның жоспарларын жүзеге асыру мақсатында Агенттіктің сарапшы әлеуетін тартуға қызығушылығын танытты.

Өзара мүдделерді қамтитын кең ауқымды мәселелер жөнінде бірқатар мәселелер талқыланды.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар