• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
23 Тамыз, 2013

Сайланған әкім халық сенімін ақтауы тиіс

285 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяу­да сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жер­гілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми Ақмола облысында таяу­да сайланған ауылдық округтер әкімдерімен жер­гілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың келешегін талқылады.

Сенат Төрағасы жергілікті билік басшыларын маңызды қоғамдық-саяси оқиғамен құт­тық­тады және ауыл әкімдері сай­лауының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баев­­тың Үндеуінде алға қойыл­ған міндеттерге жан-жақты тоқ­талды.

«Еліміздің саяси жүйесін жаң­ғырту, жергілікті жерлердегі басқару жүйесін реформалау, жергілікті өзін-өзі басқаруға белсенді қатысуды ұлғайту жолында маңызды қадам жасалды, деп атап өтті Қ.Мәми. Жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі дамыту жергілікті халықтың әлеуметтік белсенділігін арттырып, азаматтардың жаңа бастамаларына серпін беретін болады».

Өткен сессияда Парламент Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген екі заңды қабылдады. Соған сәйкес, ауыл әкімдеріне қосымша өкілеттіктер беріліп, төменгі деңгейдегі әкімдердің қаржылық және экономикалық дербестігі кеңейтілді, жергілікті органдар басшыларына өздерінің кіріс көздерін қалыптастыру құ­қық­тары берілді. Одан басқа, тұрғындардың жиналыс­тары жергілікті маңызы бар мәсе­ле­лерді шешуге бөлінген бюджет қаржысын пайдалануға мониторинг жүргізу өкілдігіне ие болды.

Бақберген Амалбек,

«Егемен Қазақстан».