• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Наурыз, 2020

Қашықтан еңбек еткен қызметкерлердің еңбекақысы сақталады

185 рет
көрсетілді

Қашықтан еңбек еткен қызметкерлердің еңбекақысы сақталады. Бұл жөнінде облыстық ақпараттық орталығында өткен брифинг барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім етті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты үйде каратинде отырған қызметкерлер жұмыс орнына уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы қағаз алып баруы тиіс. Сонда оларға әлеуметтік жәрдемақы төленеді.

«Уақытша еңбекке жарамсыз деп танылған азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 15 айлық есептік көрсеткішінде жәрдемақы тағайындалады. Осы орайда 1 АЕК көлемі биылдан бастап 2651 теңгені құрайтынын атап өткен орынды. Ал 15 АЕК мөлшері 39765 теңге» деді Бақытбек Қизатов.

Басқарма басшысының айтуынша, жұмыс уақытына өзгерістер енгізілуде. Алайда соған қарамастан қашықтан еңбек етіп жүрген қызметкерлердің жалақысы толық сақталуы тиіс.

 

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар