• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Елбасы 20 Наурыз, 2020

Қаражаттың дұрыс жұмсалуын Nur Otan бақылауында ұстайды – Елбасы

254 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пандемияға қатысты Қазақстан халқына жасаған үндеуінде ең әуелі аса мұқтаж жандарға көмек көрсету керектігін атап өтті.

«Менің тапсырмаммен Nur Otan партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға атаулы көмек көрсетуге жұмсалады. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін менің шешіміммен Тұңғыш Президент Қоры есебінен тағы 200 миллион теңге бөлінді. Жалпы, коронавирусқа қарсы күреске арналған қаражаттың дұрыс жұмсалуын Nur Otan партиясы бақылауында ұстайды деп ойлаймын», - деді Елбасы үндеуінде.