• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Наурыз, 2020

Алматыда 11 індет ошағы бар

493 рет
көрсетілді

Біз бұған дейін де Алматыда адамдары толайым оқшауланған «Сұңқар» тұрғынүй кешені қазір қатаң бақылауда тұрғанын хабарлаған едік. Соңғы мәліметтерге сәйкес, аталмыш тұрғынүйдің қасындағы көпқабатты үйлер де қоршауға алынған.

«Сұңқар» тұрғынүй кешені 15 күндік карантинге жабылғаннан кейін қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполисте індет ошақтары бар екенін мәлімдеген болатын. Бабақұмаров індет ошақтарын атамағанына қарамастан, бірқатар ресми сайттар мегаполисте вирус жұқтырғандардың нақты мекен-жайларын жариялап үлгерді.

«Қалада коронавирусты жұқтыру ошақтары бар. Басты міндет – жұқтыру тізбегін үзу, карантин режимін сақтау, қалада вирустың таралуына және оны басқа өңірлерге экспорттауға жол бермеу», – деді Ержан Бабақұмаров.

Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өтіп жатқан онлайн-брифингте тәуліктен уақыт таңдамай, БАҚ өкілдері барлық сұрақтарды қоюға мүмкіндік алып отыр.

19 наурыздан 20 наурызға қараған түні қалалық әкімдіктің өкілдері Алматыда 11 індет ошағы бар екенін мәлімдеді. Мұндай жағдайда қаланың әрбір тұрғыны өмірін сақтау үшін өзі өзі оқшаулау керек екендігі кезекті рет ескертілді.

 АЛМАТЫ