Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты тұрғындардың арасында көптеген сұрақтар туындауда. Денсаулық сақтау, қоғамдық көлік, азық-түлік бағасына қатысты және т.б. сауалдарға шұғыл жауап беріп, дер кезінде шешім қабылдау үшін Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан бірыңғай байланыс орталығы ашылды.
- Бұл байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Аталған орталықта 6 қызметкер қоңырауларға жауап беріп отырады. Олардың жұмыс кестесі таңғы сағат 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін созылады. Түнгі уақытта екі адам кезекшілікке қалады, - дейді қала әкімдігінің аппарат басшысы Еркеғали Әлімқұлов.
Естеріңізге салар болсақ, бірыңғай байланыс орталығының нөмірі – 39-50-55. Егер сіздерді толғандырған сұрақ болса осы нөмірге хабарласып, кеңес ала аласыздар.
Шымкент
Фото: Серік Қосаев