• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №406

368 рет
көрсетілді

2013 жылғы 29 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1520 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. Қоса беріліп отырған:1) кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу;2) Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары бекітілсін.2. Орталық мемлекеттік органдар тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер берсін.3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жылда бір рет, есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы ақпарат ұсынсын.4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі           С.АХМЕТОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2013 жылғы 29 сәуірдегі №406 қаулысымен бекітілген

Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер1. Осы Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға бөлінетін қаражатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын және «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы №1520 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:1) кәсіптік стандарт – кәсіптік қызметтің нақты саласында біліктілік деңгейіне және құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;2) республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – білім беру және ғылым, ауыл шаруашылығы, индустрия және жаңа технологиялар, көлік және коммуникация, мәдениет және ақпарат, денсаулық сақтау, спорт және дене шынықтыру, экономика және бюджеттік жоспарлау, төтенше жағдайлар, өңірлік даму, ғарыш қызметі, статистика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында кәсіптік стандарттарды әзірлеу шеңберінде іске асырылатын іс-шараларды қаржыландыруды жүзеге асыратын орталық уәкілетті органдар.3. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге бағытталған іс-шараларды қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

2. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілер бөлетін қаражатты пайдалану тәртібі4. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттың құрылымына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі №374-ө-м бұйрығымен бекітілген Кәсіби стандарттарды әзірлеу, қайта қарау, сынақтан өткізу қағидасына сәйкес кәсіптік стандарттарды әзірлеуді қамтамасыз етеді.5. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері кәсіптік стандарттарды әзірлеу кезінде кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуді, еңбек нарығының қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуды қамтамасыз етеді.6. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға көзделген қаражатты бөлу және пайдалану бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.7. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің кәсіптік стандарттарды әзірлеуге арналған қызметтерді сатып алуы мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.8. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын кәсіптік стандарттарды әзірлеу барысы туралы есептер мынадай:1) іс-шаралардың нақты орындалуы туралы (нәтижелерге қол жеткізу сатылары);2) нәтижелерге қол жеткізбеу себептері туралы;3) бөлінген қаражаттың игерілуі туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі №406 қаулысымен бекітілген

Кәсіптік стандар ттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлуР/с№    Іс-шаралар атауы    Жауапты мемлекеттік органдар    Саны    Сомасы, мың теңге1    2    3    4    51    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ИЖТМ    35    367002    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ТЖМ    5    52503    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    АШМ    26    273004    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ӨДМ    8    84005    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ККМ    31    325506    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    Еңбекмині    19    234007    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    БҒМ    10    105008    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ДСМ    25    262509    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    МАМ    5    525010    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    СДШІА    1    105011    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ЭБЖМ    1    105012    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ҰҒА    4    420013    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    ІІМ    5    525014    Кәсіптік стандарттарды әзірлеу    СА    1    105015    БАРЛЫҒЫ:        176    188200

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:ИЖТМ – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологияларминистрлігіТЖМ – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАТТТМ – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіӨДМ – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіККМ – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіЕңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіБҒМ – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіМАМ – Қазақстан Республикасы Мэдениет және ақпарат министрлігіСДШІА – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істеріагенттігіЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіҰҒА – Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігіІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіСА – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі