• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
24 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 437

325 рет
көрсетілді

2013 жылғы 30 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 18 желтоқсандағы №449 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №96 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., №18, 213-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:көрсетілген  қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-кіші бөлімде:«Қазақстан халқын біріктіру факторы ретінде төзімді тілдік орта құру» деген 3-стратегиялық бағытта:«Мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту» деген 3.1.1-міндетте:Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда: мына:«    Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру    Х    Х    Х    Х    Х    »;

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы  жолмен толықтырылсын:«    Қазақ тілін латын графикасына ауыстыру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізу    -    -    Х    Х    Х    »;

мына: «    Мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту және мәртебесін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу    Х    Х    Х    Х    Х    

»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:«    Мемлекеттік тілді танымал етуге, оның беделін арттыруға және қолдану саласын кеңейтуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу    Х    Х    Х    Х    Х    

»;

мына: «    Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелендіру жұмыстарын ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)    Х    Х    Х    Х    Х    

»;

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:«    Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру, жаңғырту және жүйелендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру (ономастика, терминология, антропонимика саласында)    Х    Х    Х    Х    Х    

»;

«Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау» деген 3.1.2-міндетте:Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:мына:«    Шет тілдерін оқыту үдерісінің кең білім беру кеңістігін сақтау жұмыстарын жүргізу    Х    Х    Х    Х    Х    »;

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:«    Үштілділікті енгізуді ынталандыруға бағытталған шараларды әзірлеу    -    -    Х    -    -    »;

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                      С.АХМЕТОВ.