Өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – «Қазцинк» компаниясы Наурыз мерекесін жыл сайын кең көлемде атап өтуді дәстүрге айналдырған.
Өндіріс орнының волонтерлері биыл Өскемен, Риддер, Алтай, Серебрянка, Көкшетау қалалары мен Жәйрем ауылындағы бірқатар соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге және әлеуметтік жағдайы төмен көп балалы отбасыларға 680 дана азық-түлік өнімдерін сыйға тартты.
«Наурыз – елдің береке-бірлігін арттыратын қазақстандықтардың ең сүйікті мерекелерінің бірі. Биыл әлемдегі қалыптасқан жағдайға байланысты еліміз мерекені кең көлемде атап өте алмаса да, бір-біріне ізгі тілектерін арнайтыны анық. Наурыз – қайырымдылық мерекесі. Сондықтан биыл біз осындай форматты таңдадық» дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.
ӨСКЕМЕН