• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Наурыз, 2020

Алматыда 500-ге жуық ерікті тәртіп сақшыларына көмекке келді

148 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтерлер жылы» деп жариялағаны белгілі. Өз ықыласымен ақысыз қызмет етіп, қоғамның ізгіленуіне үлес қосуды қалайтын азаматтар ел басына күн туған сын сағатта да аянып жатқан жоқ. 

Карантиндік жағдайға байланысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыруда тәртіп сақшыларының қызметі маңызды. Алматы қаласына кіретін қақпаларға қойылған блок-бекеттерге волонтерлер тәртіп сақшыларына көмекке келді. Қоғамдық тәртіпті қамтамассыз ету мақсатынды 500-ге жуық ерікті арнаулы мамандармен бірлесіп жұмыс істеп жатыр.

Олар қалада орналасқан мемлекеттік емес ұйымдардың мүшелері. Учаскелік инспекторлар, патрульдік полициямен бірге профилактикалық жұмыстарды атқаруға білек сыбана кіріскен. Еріктілердің көпшілігі ер азаматтар.

  - Өз маршруттарына бармас бұрын олармен арнайы дайындық шаралары өтеді. Яғни, қандай іс-әрекеттерге назар аударуы тиіс, құқықбұзушылықтың жолын қалай кесуге болады деген сияқты дағдыларды оларға үйретеміз. Біз үшін қазіргі сәтте еріктілердің көмегі өте маңызды. Өйткені адамдардың қауіпсіздігі бірінші кезекте, – дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.