• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Руханият 21 Наурыз, 2020

Ұлттық фильмдерді онлайн бірге тамашалайық!

297 рет
көрсетілді

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамын үйде отырып тойлаудың да өзіндік пайдасы бар. Қазан толы көжені ыстық пештің үстінде бүлк-бүлк қайнатып қойып, ұлттық фильмдерді көруден асқан қандай рухани мереке болуы мүмкін!? Ендеше, мұндай тамаша демалыс күндерін бос жібермей, қазақ кинематографиясының алтын қорында сақталған ұлттық өнер жауһарларын бірге тамашалайық, құрметті киносүйер қауым!

Сонымен, «Қазақфильм» киностудиясының ресми  YouTube арнасынан төмендегі тамаша туындыларды көре аласыздар:

«Амангелді» ( реж. М.Левин, «Ленфильм», 1938 ж.);  «Қыз-Жігіт» (реж. П.Боголюбов, Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы, 1955 ж.); «Менің атым – Қожа» (реж. А.Қарсақбаев, «Қазақфильм», 1963 ж.); «Мәншүк» (реж. М.Бегалин, «Қазақфильм», 1969 ж.); «Көксерек» (реж. Т.Өкеев, «Қазақфильм», 1973 ж.); «Гауһартас» (реж. Ш.Бейсембаев, «Қазақфильм», 1975 ж.); «Транссібір экспресі» (реж. Э. Оразбаев, «Қазақфильм», 1977 ж.); «Кардиограмма» (реж. Д.Өмірбаев, «Қазақфильм», 1995 ж.) «Қызжылаған» (реж. С.Нарымбетов, «Қазақфильм», 2002 ж.)

Тізімде көрсетілген және тағы да басқа отандық кинематографияның үздік туындыларын мына сілтемеге өтіп, тамашалай аласыздар: https://youtu.be/HUCtMYG2YP0

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Көңілді де мазмұнды демалыс тілейміз!

 

Соңғы жаңалықтар