• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Наурыз, 2020

Шет елдерден 800-ден астам отандасымыз үйлеріне ұшып келді - СІМ

529 рет
көрсетілді

22 наурызда ҚР Мысырдағы Елшілігінің дипломаттары біздің туристтерді Шарм эль Шейх - Алматы бағыты бойынша чартерлік рейске отырғызуда қолғабыс көрсетті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

«Біздің туристер үшін Scat әуекомпаниясы ұйымдастырған чартерлік рейске дипломаттардың күшімен Каир және Александрия қалаларында уақытша болған (тұрған) азаматтарымыздың ішінен қосымша жолаушылар отырғызылғанын атап өтеміз. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 235 азаматымыз елге оралды.

Сондай-ақ бүгін Түркияда қазақстандық дипломаттар ҚР 536 азаматын елге жіберуге көмек көрсетті. Олар Ыстамбұл әуежайының транзиттік аймағында жиналған отандастарымызды жөнелту жөнінде айтарлықтай ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өтеміз.Бүгін тағы Қазақстанның 32 азаматы Мажарстан (31) мен Омандағы (1) дипломаттардың қолдауымен елге жіберілді. 22 наурызда барлығы біздің 803 отандасымыз Қазақстанға оралды», делінген хабарламада.