Коронавирусқа байланысты әлемдегі әр мемлекеттердің көптеген чемпионаттары секілді футболдан Германия Бундеслигасындағы ойындардың да тоқтатылғаны белгілі.
Осы жағдайға орай Дортмундтың «Боруссиясының» ойыншыларына өз еңбекақылары мөлшеріне сай 20 пайыздық үстеме ақша төленуге тиіс еді. Бірақ айтулы команданың ойыншылары команда жетекшілерінің өтінішіне құлақ асып, ол қаражатты алудан бас тартты. Соның арқасында «Боруссияның» штаттағы және штаттан тыс 850 қызметкері үзіліс кезінде өз жұмыс орындарын сақтап қалды.
Естеріңізге сала кетейік, Германия Бундеслигасында дортмундтық клуб әзірге екінші орында келеді. 25 кездесу өткізген олар 51 ұпай жиып отыр. «Боруссияның» көш басындағы Мюнхеннің «Бавариясынан» төрт ұпайы кем.