• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Наурыз, 2020

Дәріханада медициналық бетпердені тегін таратты

414 рет
көрсетілді

Иненің жасуындай болса да жақсылық жасау ізгіліктің белгісі. Мұндай игі амалдың ел басына қатер төнгенде орны тіптен бөлек. Алматы тұрғындарын қолдау мақсатында  «Рауза АДЕ» дәріханалар желісі азаматтарға медициналық бетперделерді тегін үлестірді. Дәріхананың бастамасын қала билігі де қолдаған.

Қазіргі уақытта жұртқа ауадай қажет болып тұрған қорғаныш дәкесі дәріхананың 9 бөлімшесінде таратылды. Тәртіпке сай жан басына 3  медициналық бетпердеден үлестірілді.

«Бір күнде 20 мыңға тарта медициналық маска тараттық. Халыққа осындай төтенше жағдай кезінде көмектескіміз келді. Егер бізге бетперде тағы түсіп жатса, акцияны одан ары қарай да жалғастыратын ойымыз бар», – дейді дәріхана қызметкерлері.

Тұрғындар акция ұйымдастырушыларына өз ризашылықтарын білдірді.

«Жайбарақат кезде елей бермейтін қарапайым құралға қол жеткізу қиын болып қалар деп кім ойлаған. Бастапқы күндері маска таба алмай әбігерге түскеніміз рас. Тіпті көп жерлерде алақандай матаның бағасын шарықтатып жібергендер де болды. Дәріхананың бұл бастамасы көңіл қуантады», дейді қала тұрғыны Нүркен Әбжамалов.

Дәріхана ұжымы келушілердің бір-біріне инфекция жұқтырмауын да назарға алып, арнайы шара қабылдаған. Қайырымдылық акциясының уақыты таңғы тоғыздан кешкі жетіге дейін жалғасады. Медициналық бетперделердің бар-жоғын тұрғындар дәріхана желісінің  ғаламторда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы біле алады.