• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 26 Наурыз, 2020

Коронавирустың таралу ауқымының құны қанша?

4145 рет
көрсетілді

Оны толықтай тоқтату үшін айына 1 триллион доллар кетуі мүмкін. Бізге басқа шаралар қарастыру керек.

Экономиканы тұрақтандыру үшін триллиондаған доллар құюға көп қаражат кетеді. Ақырында оның орнын толтыру үшін халық салық төлеуге мәжбүр. Оның экономикалық салдары да ауқымды болмақ. 2019 жылы АҚШ экономикасы шамамен $21 трлн өндірді. Кей кәсіпорындар әлі ашық екеніне қарамастан, әр ай сайын изоляцияда болу экономикаға триллион доллар шығын әкеледі. Мұның орнын толтыру қиын болмақ, өйткені кәсіпорындар не қызметкерін жұмыстан босатады немесе жабылып тынады.

Губернаторларға бұғауға көнбейтін жағдаймен күресу үшін экономиканы тежеуге тура келді. Осы бір құнды апаталар денсаулық сақтау саласын толықтай әзірлеуге мүмкіндік бермек. Сондай-ақ губернаторлар осы уақытты тиімді пайдаланып, денсаулыққа зиян келмейтіндей етіп экономиканы қайта қалпына келтіруге бас қатыруы тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенсек, Ақ үй келесі аптадан бастап шектеулерді жеңілдетуді талқылап жатыр. Алайда жергілікті губернаторлар экономиканы қайта қалпына келтіруге күш салуға міндетті.

Үкімет қауіпсіздік шараларын қарастырып, карантиннің салдары жеңіл өтуге жағдай жасауы керек. Штат әкімшіліктері мен жергілікті билік кәсіпорындармен келісіп, жұмысшылардың дербес қашықтық сақтауына, жиі тестіден өтуіне, изоляцияда болуына, қатаң шараларды ұстануына мүмкіндік беруі тиіс. Толықтай тыйым салуға қарағанда уақытша шаралар артық екені белгілі.

Мәселен, штаттың федеральды қаржысының бір бөлігін қосымша төсектер, желдеткіштер, тестілер, тұмылдырық пен халат алуға жұмсау қажет. Тіпті, айына 1 триллион долларға қарағанда 100 миллиард доллар көп ақша емес. Президент Трамп өткен жұмада компанияларды тұрақтандыруға қатысты заң қабылдайтынын мәлімдеді. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо секілді кей губернаторлар Ақ үйдің тиісті салаларға көңіл бөлуін сұрап отыр. Компанияға табыс әкелетіндей сұраныс бар кезде кәсіпорындарға қаржы бөлудің қажеті бар ма? Мәселен, General Motors қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие желдеткіштерді шығаруды бастап кетті.

Үкімет шенеуніктері балғамен емес, скальпелмен жұмыс істеуі тиіс. Қария кісілер мен бұған дейін денсаулығы сыр берген адамдарға үйде отыруға мүмкіндік беріп, дені сау жастардың жұмысқа келуіне мүмкіндік беру керек. Зейнеткерлердің табысы – зейнетақыға вирус кедергі келтіре алмайды. Олар үйде отыра алады. Бүкіл штатты емес, қауіпті мекендерді жабу қажет. Тайвань, Оңтүстік Корея, Сингапурдан үлгі алып, жаппай тексеру жасап, науқаспен байланысқан адамдарды тез тапқан жөн. Бірақ экономиканы толық тоқтатпай, қауіпсіздік шараларын толықтай сақтау керек.

Мұндай қадамның қымбатқа түсуі мүмкін, бірақ бұл америкалықтардың айлығы мен шайлығын табуын бұзудан жақсы. Коронавирустың пандемиясымен күресу үшін жан-жақты, ойластырылған, тиімді саясат жүргізудің сәті келіп тұр.

Джон Х. Кокрейн,

Wall Street Journal

Аударған Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Egemen Qazaqstan»