• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Қосшы ауылының қуанышы

402 рет
көрсетілді

Елбасымыз Н.Назарбаевтың тапсырмасымен Астана қаласының агломерациялық аймағын дамыту айрықша маңызға ие болуда.

Қазіргі таңда серіктес 20 елді мекеннің әрқайсысында тұрғындар саны 2,5-3 есеге дейін өсіп отыр. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының қолдауымен 2011-2013 жылдарға арналған арнайы Бағдарлама жүзеге асырылуда. Яғни, жаңадан 6 орта мектеп, 7 балалар бақшасы, 17 денсаулық сақтау мекемесі, басқа да әлеуметтік-өнеркәсіптік нысандарды қатарға қосу жоспарланса, оның бірқатары жұртшылық игілігіне берілді. Соның ішінде, биылғы оқу жылын заманалық үлгідегі жаңа мектепте бастағалы отырған Қосшы ауылының қуанышы ерекше.

«Жасыл өлке» шағын ауданында орналасқан 4 қабатты білім ұясы 1200 орынға лайықталған. Мұнда пәндер бойынша және балалардың интеллектуалдық қызығушылығын оятуға бағытталған қажетті жағ­дайлардың барлығы қамтамасыз етілді. Мектебімізде 380 орындық мә­жіліс залы, 400 орындық асхана, 2 спорт залы мен гимнастика залы бар. Сондай-ақ, 32 арнайы дәрісхана, 2 мультимедиялық кабинет, 2 компьютер сыныбы, 2 интерактивті тақта жасақталды.

Мектептің педагогикалық ұжы­мындағы 90 мұғалімнің барлығы уақыт талабына сай қатаң іріктеу тәртібімен жасақталды. Олардың қатарында екі педагогика ғылымдарының кандидаты мен Қазақстан Республикасы білім беру ісінің бес үздігі бар. Сондай-ақ, білім беру ісімен жоғары санатты – 35, бірінші санаттағы 40 ұстаз айналысады. Бұған қосымша 10 мұғаліміміз Кембридж оқыту бағдарламасы бойынша 3 айлық курсты аяқтап келді. Мұның өзі ұжымымыздың білім беру ісіне жоғары жауапкершілікпен қарайтынын білдіреді.

Ақылжан АУҒАНБАЕВ,

№2 орта мектебінің директоры.

Ақмола облысы,

Целиноград ауданы.

Соңғы жаңалықтар