• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Әлеуметтік желідегі ядросыз әлем

257 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні Сингапурде Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің ректоры, профессор Кишоре Махбубани төрағалығымен Ядролық сынақтарға қарсы әрекет күніне орай «Ядросыз әлемге» тақырыбында пленарлық пікірсайыс болып өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Профессор К.Махбубани жаһандық ядролық қаруды таратпау үдерісіндегі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың Семей полигонын жабудағы ерекше рөлін айта келіп, оның ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартуы жөніндегі шешімі әлемдік қауымдастық тарапынан қолдауға ие болғанын ерекше атап өткен.

Қазақстанның Сингапурдегі елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Қазақ­станның ядролық қауіпсіздік режімін нығайту саясатын, соның ішінде АТОМ жобасы туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат елшіліктің ядролық сынақтар құрбандарын еске алуға арналған «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы өткізген «Әлемді қару­сыздандыру қолдан-қолға» шарасын тамыздың басынан бері Австралия, АҚШ, Франция, Италия, Пәкстан, Үндістан, Сингапур сияқты елдердің 9000-ға тарта әлеуметтік желіні пайдаланушылары қолдағанын жеткізді.