• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Тамыз, 2013

Ел тағдыры таразыға түскен шақ

326 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевтың 1991-жылдардағы қиын-қыстау кезеңге қарамас­тан, Се­мей ядролық сынақ по­лигонын жабуға шешім шы­ғаруын ха­лық­ты қасіреттен арашалап қалу жолындағы жо­ба­ның басы деп бағалаған абзал. Буыны қатып, топшысы толық беки қоймаған жас мемлекет басшысына сол кезде мұн­дай Жарлыққа қол қоюдың өзі оңайға түспепті. Олай дей­ті­німіз, «Егемен Қазақстан» га­зетінің 2011 жылдың 27 та­­мыз­дағы нөмірінде «Тажалды тұн­шықтыру» деген сұхбатында Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Таяу Шығыстағы бір елдің өкілі Қазақстанға ядролық күштерді ұстап тұру үшін 6 миллиард АҚШ долларын да ұсынды. Сол тұста кейбір шетелдік ақпарат құралдары ашық бопсалауға да көшті. Назарбаев Тегеранға екі рет жасырын барыпты, ядролық қаруды сататын болып қайтыпты деп те соқты. Елдің өз ішіндегі пікір де бірауызды емес еді», деген Елбасы сөзінен қырағы оқырман талай түйткілдің түбірін тани­тыны ақиқат. «Сол алапат ядро­лық қаруды сақтап тұру үшін еліңізге қаржылық субсидияны төгеміз», деушілердің не көксегені өздеріне мәлім. Ал, Қазақстан басшысының көз­дегені – халқын таусылмас тауқыметтен, арылмас зар­дап­­тардан арашалап, ұлт ден­сау­лығын уландырмаудың барлық мүмкіндігін қарастыру еді.

Иә, ел тағдыры таразыға түсіп тұр­ған сол бір тұманды шақта Се­мей сынақ полигонындағы яд­ролық жарылыстарды тоқтатып, жер мен көкке у таратқан аж­да­һаны тұқыртуы – Қазақстан басшысының тереңнен ойлап қабылдаған бірегей шешімдерінің бірі ғана. Бұл шешім – жерімізге зорлап таңылған зұлмат залалдарынан арылудың алғышарттары еді. Бұл қолдан жасалған қасіретті түбірінен үзуді ойлаған ұлтжанды қайраткердің ұстанымы еді.

Тоқсаныншы жылдардың басындағы бұлыңғыр кезеңнен бұлжымайтын жол таңдалғандығы жыл өткен сайын айқындала түсті. Уақыт өте Елбасымыздың таң­даған жолы жа­һандық дең­гейде мойындалып, айтулы мем­лекеттердің қызығушылығын арт­тырғаны мәлім. Сол сын сағатта Қазақстанның әлемдегі ең ірі ядролық қарудың бірінен бас тартуы – адамзат дамуы тари­хын­дағы айтулы оқиғаға айналып, маңыздылығын арттырды.

Осы тарихи шешімнің шең­берінде ой өрбітіп, тереңіне бой­­ласақ, қаншама қайырымды қа­­дамдар мен баянды бас­та­ма­лар­­дың дүниеге келіп, жұрт игі­лігіне ұласқанын көреміз. Әрине, бүкіл әлем көз тіккен яд­ро­лық қаруды тоқтатқанмен, одан туындаған, туындайтын мә­се­лелер бірден алқымнан алып тұрған болатын. Ядролық сынақ­тар жасалмағанымен, поли­гон­ға пайдаланған аумақтың ха­лықаралық стандарттарға сай қауіпсіздігі қажет болды. Қа­зақ­стан Республикасының егемен­дігі туралы декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жа­­рия­ланды. Мемлекеттің сол тұста­ғы экономикалық әлеуетіне қара­мас­тан, қырық жыл бойғы сынақ­тан тұла бойы жараға тұнған Жер-ана тауқыметін оңалтуға, радиа­циялық өңір тұрғындарының әлеу­меттік мәселесін шешу жобалары жасалды. 456 рет жасалған жер­­асты және жерүсті атом сы­нақ­­­та­рының зардабын тартқан ай­­­мақтағы халық денсаулығын са­уық­­тыру қыруар шаруаны талап етті.

Әуелі 1992 жылы елімізде «Семей ядролық полигонында зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау» туралы заң қабылданғаны көпшілікке мәлім. С

Соңғы жаңалықтар