• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 30 Наурыз, 2020

Алматы банктері өз қызметін уақытша тоқтатты

433 рет
көрсетілді

Бүгіннен бастап Алматы қаласындағы екінші деңгейлі банктер өз қызметін уақытша тоқтатты. Бөлімшелер 5 сәуірде қайта ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Ұлттық банкке қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.