«Судың да сұрауы бар» демекші, бүгінде біз табиғат байлығының да күндердің-күнінде таусылып, тапшылық тудырарына көз жеткіздік. Оған бірден-бір себеп – адамзаттың ысырапшылдығы мен үнемсіздігі. Ал бұл – бүкіл экономика үшін аса қауіпті мәселе. Осыған дабыл қаққан әлем елдері соңғы кездері үнемдеу шараларын мұқият қолға ала бастады. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға Қазақстан да қарқынды кірісуде. Әсіресе, энергетика саласын сақтау үшін үнемшілдіктің үлесі зор. Осыған орай энергия үнемдеу мәселелері Үкіметтің селекторлық режімдегі кешегі отырысында да қаралды.
«Судың да сұрауы бар» демекші, бүгінде біз табиғат байлығының да күндердің-күнінде таусылып, тапшылық тудырарына көз жеткіздік. Оған бірден-бір себеп – адамзаттың ысырапшылдығы мен үнемсіздігі. Ал бұл – бүкіл экономика үшін аса қауіпті мәселе. Осыған дабыл қаққан әлем елдері соңғы кездері үнемдеу шараларын мұқият қолға ала бастады. Бұл ретте атқарылып жатқан жұмыстарға Қазақстан да қарқынды кірісуде. Әсіресе, энергетика саласын сақтау үшін үнемшілдіктің үлесі зор. Осыған орай энергия үнемдеу мәселелері Үкіметтің селекторлық режімдегі кешегі отырысында да қаралды.
Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың қаңтарында өткен кеңейтілген отырыста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасын әзірлеу жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Міне, осыған байланысты әзірленген бағдарлама кешегі Үкімет отырысында талқыланды. Отырысқа төрағалық еткен Серік Ахметов бұл бағдарлама Елбасының 2015 жылға дейін энергия ресурстарын тұтынуды жыл сайын 10 пайызға төмендету туралы міндетті тапсырмасын орындау мақсатында жасалып отырғанын атап өтті. Бұл міндеттің орындалуы – экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлесін тигізбек.
Бағдарламаның жалпы мазмұны бойынша Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрлан Сауранбаев баяндады. Оның айтуынша, талқылаулар барысында жергілікті атқару органдарының өнеркәсіптік және тұрғын үй-коммуналдық кәсіпорындарының, қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ, тиісті мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескере отырып, бағдарламаға жаңа энергия тұтыну жүйесін құру бойынша жұмыстардың негізгі бағыттары енгізілген. Сондай-ақ, энергия үнемдеу саласында энергия тиімділікті экономикаға көшуге алғышарттар жасалып, қажетті нормативтік-құқықтық база қалыптастырылды. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» жаңа заңды жүзеге асыру бойынша 22 нормативтік-құқықтық актілер бекітілді.
Вице-министр «Энергия үнемдеу-2020» бағдарламасының бағыттарына тоқталып, оны жүзеге асырудың шаралары туралы да айтып өтті. Атап айтқанда, 3000-нан астам энергия тұтыну нормативтері белгіленіп, энергия тиімділігі бойынша 200-ден астам техникалық стандарттар талаптары бекітілген, ғимараттар мен қарапайым тұрмыстық энергия пайдаланатын құралдар үшін энергия тиімділігі санаттары енгізілуде, бұл ережелерді сақтау бойынша қатаң бақылау мен мониторинг жүргізіліп жатыр.
Вице-министрдің хабарлауынша, 16 өңірлік және 5 салалық энергия үнемдеу жоспарлары орындалуда, Мемлекеттік энергетикалық тізілімдегі нысандар тізбесіне 11712 субъект енгізілген. Оның ішінде 727 өндірістік, 2938 мемлекеттік кәсіпорындар, 8000 мемлекеттік мекемелер бар.
«Заңға сәйкес барлық ірі энергия тұтынушылар үшін ауқымды энергия аудиттерін жүргізу ісі бастау алды. 2015 жылдың шілдесіне дейін 2 мыңнан астам өндірістік кәсіпорындар энергия аудитінен өтуі тиіс. Сонымен бірге, 50 пайыздан астам энергия қуатын пайдаланатын өндірістік секторлар айрықша назарда болады, деді Н.Сауранбаев.
Энергия аудиті қорытындылары бойынша жасалған ірі энергия тұтынушылардың энергия үнемдеу жоспарларын жүзеге асыру жұмыстары келесі жылдан басталады деп жоспарлануда. 2015 жылдан бастап энергия аудиті нәтижелеріне сәйкес өнеркәсіп және энергетиканы жаңғырту, үйлер мен бюджеттік секторларды терможаңғырту, автопарктерді жаңарту, диодты жарықтандыруға көшу, құрылыстарды энергиялық тиімділікпен салу сияқты негізгі кезеңдік жұмыстар жүргізілетін болады.
Энергия үнемдеу саласына мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылмақ, яғни гранттар, технологиялық бизнес-инкубациялау, сондай-ақ, «Өнімділік-2020» бағдарламасы арқылы энергия тиімділігін арттыру теті