• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Коронавирус 30 Наурыз, 2020

Қызылорда: Науқастардың жағдайы қалыпты

381 рет
көрсетілді

Бүгін Қызылорда облысында тағы 3 адамнан коронавирус белгілері табылды.  Осыған байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов БАҚ өкілдеріне жағдайды баяндап берді.

Осыдан 2 күн бұрын облыста вирус жұқтырған алғашқы тұрғын анықталған болатын. Келесі, яғни, 29 наурыз күні сол науқас қаралған емхана медбикесінің бойынан вирус белгілері табылғаны белгілі болған.

– Ал бүгін тіркеліп отырған 3 адамның бірі сол алғашқы науқаспен қарым-қатынаста болған. Екінші азамат 20-наурызда АҚШ-тан келген екен. Бойынан вирус белгісі табылған үшінші тұрғын ауруханаға қызылшадан емделіп жатқан. Таңғы сағат 7:30-да лабораториялық зерттеулер қорытындысын алысымен олар облыстық жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, ем-домы басталып кетті. Олармен қарым-қатынаста болғандар нақтыланып жатыр, – деді облыстың бас дәрігері.